Абай облысында шаңырақ көтерген жастар өз таңдауын жасады

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін қала бойынша 149 сайлау учаскесі жұмыс істейді

Абай облысында сайлау күні шаңырақ көтерген жастар өз таңдауын жасады. Бұл туралы Azattyq Ruhy өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сайлау күні Семейдегі Неке сарайында екі жас үлкен өмірге қадам басты, олар дәл осы күні үйленуді 3 ай бұрын жоспарлаған.

«Біздің шаңырақ көтеруіміз осындай айтулы күнмен тұспа-тұс келіп отырғанына өте қуаныштымыз. Осы күнді Наурыз мейрамына орайластырып таңдаған едік. Дәл сайлау күніне түсіпті. Келешекте елімізде сайлау болып жатқанда шаңырақ көтерген едік деп еске алып отырамыз. Өз таңдауымызды жасап, дауыс бердік», - дейді ерлі-зайыпты.

Бүгін қала бойынша 149 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде 19-ы – жабық сайлау учаскесі. Семейдегі мүмкіндігі шектеулі жандар да өздерінің конституциялық құқығын пайдаланып, үйінде дауыс бере алады.

Айта кетейік, Семей қаласындағы сайлаушылар тізіміне 232 мыңнан астам адам енгізілген.