«Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай сайлауда өз таңдауын жасады
Жасылдар партиясының басшысы Астанадағы №52 сайлау учаскесінде дауыс берді
«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай Астана қаласындағы №52 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұған дейін хабарлағынымыздай, Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысып жатқан тағы бірнеше саяси партиялардың төрағалары да дауыс беріп үлгерді. Атап айтсақ, «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев пен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов бүгін Астана қаласындағы сайлау учаскелеріне келіп, өз дауыстарын берді.
Естеріңізге сала кетейік, 19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.
Дауыс беруге 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Сайлау тізімдеріне 12 миллионнан астам азамат кіреді.