Елде және сайлау учаскелеріндегі жағдай тұрақты – ІІМ
Министрліктің мәліметінше қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелмеді
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев «Сайлау-2023» онлайн марафонында сайлау кезіндегі ведомство қызметі туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстан бойынша қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың тәртіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға ішкі істер органдарының 45 мың қызметкері жұмылдырылды. Сайлау өткізетін орындарда құқық бұзушылыққа жедел ден қою үшін қосымша жедел тергеу топтары құрылған. Барлық сайлау учаскесінің қауіпсіздігі тексерілді. Сайлау орындарына бюллетеньдер жеткізілгенде полиция қызметкерлері ілесіп алып жүріп, қауіпсіздікті қамтамасыз етті», - деді ол.
Сұлтанбаев атағандай, қазіргі уақытта елдегі және сайлау учаскелеріндегі жағдай тұрақты.
«Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ», - деді Қайсар Сұлтанбаев.
Еске сала кетейік, 19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.