Бүгін Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат депуттарын сайлау өтіп жатыр
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.
Дауыс беруге 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Сайлау тізімдеріне 12 миллионнан астам азамат кіреді.
Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады және 20 наурызда таңғы 8:00-де аяқталуы керек.