Сайлау заңнамасын бұзған қанша азамат жауапқа тартылды

Аягөз Құрмаш

Сайлау басталғалы прокуратура органдарына 113 өтініш келіп түскен

Сайлау заңнамасын бұзған қанша азамат жауапқа тартылды
Коллаж: Azattyq Ruhy

Прокуратура органдары заңнаманы сақтауды жалғастырады. Бұл туралы Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының бастығы Азамат Сарғазин «Сайлау-2023» онлайн марафонында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Прокуратура органдары сайлау процесі заңдылығын қамтамасыз етілуін барынша жоғары деңгейде қадағалап отыр. Бұған дейін хабарлағандай, 17 наурызға дейін прокурорлар Мәжіліс сайлауы бойынша 24, мәслихат бойынша 13 заңбұзушылықты тіркеді. Ол фактілердің барлығы бойынша кінәлілер жазаға тартылды. 17-18 наурызда прокурорлардың шаралары бойынша сайлау заңнамасын бұзғаны үшін тағы 7 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Олардың үшеуі Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша тіркелді», - деді ол.

Сарғазин атағандай, сайлау басталғалы прокуратура органдарына 113 өтініш келіп түскен.

«Сайлау процесінің заңдылығын қамтамасыз ету бойынша бақылауды жалғастырып жатырмыз», - деді ол.

Еске сала кетейік, 19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.