Жетісулықтар 538 кандидаттан үздіктерді анықтайды

Өңірде дауыс берушілердің белсенділігі байқалады

Жетісулықтар 538 кандидаттан үздіктерді анықтайды
Коллаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

Жетісу облысында сайлаушылар барлығы 538 кандидаттың ішінен мықтыларды анықтайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазіргі уақытта өңірде дауыс берушілердің белсенділігі байқалады. Кандидаттардың саны да аз емес. Жетісу облыстық бірмандаттық аумақтық №17 сайлау округінен 13 кандидат сайлауға түсіп жатыр. Оның ішінде 1 – кандидат «AMANAT» партиясынан, 12 кандидат өзін-өзі ұсыну арқылы қатысады.

«Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 5 саяси партияның партиялық тізімі бойынша 58 кандидат сайлауға түседі. «AMANAT» партиясы – 34 кандидат, «ҚХП» партиясы – 6 кандидат, «Ауыл» партиясы – 8 кандидат, «Республика» партиясы – 2 кандидат, «Ақжол» партиясы – 8 кандидат», - деп хабарлады Талдықорғандағы аумақтық сайлау комиссиясынан.

Жетісу облысында бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша облыстық мәслихатқа 16 округтен 52 кандидат, қалалық мәслихаттарға 29 округ бойынша 85 кандидат, аудандық мәслихаттарға 107 округтен 317 кандидатқа дауыс беру басталды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.