Оралда 22 жастағы қыз 9 қабатты үйдің төбесінен секіріп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Жас қыз алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды

Фото ашық дереккөзден

Орал қаласында 22 жастағы қыз 9 қабатты үйдің төбесінен секіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға кеше түсте болған.

«Жедел жәрдем сағат 13:17-де шақыртылды. 2001 жылғы қыз 9-қабаттан секіріп кеткен. Көптеген жарақат алып, жедел жәрдем барған кезде қайтыс болып кетті», - делінген хабарламада.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, ҚР ҚК 105-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, марқұм Теректі ауданында туып-өскен. Кейінгі уақытта Орал қаласында жұмыс істеп жүрген. Сол күні таныс қыздары тұратын үйге барып, осындай жағдайға тап болған.