$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қытайдан Қазақстанға келетін жүк көлемі үш есеге артты

Осыған байланысты «Нұр жолы» бекетінің жұмыс уақыты ұлғайтылды

Қытайдан Қазақстанға келетін жүк көлемі үш есеге артты
Фото ашық дереккөзден

Соңғы 4 күнде Қытайдан Қазақстанға келетін жүк көлемі үш есеге артты. Дәл қазір Аспан асты елінен күніне 500-ге жуық көлік кіріп жатыр. Қазақстаннан Қытайға баратындардың да саны өсіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін екі елдің шекарасында кептеліс пайда болып, жүк көліктер өте алмай қалған еді. Осыған байланысты «Нұр жолы» бекетінің жұмыс уақыты ұлғайтылды. Электрондық кезек жүйесі жетілдіріліп, кеден бекетіндегі қызметкерлер саны көбейтілді. Сонымен қатар Қытайдың кеден, шекара қызметтерімен келіссөздер жүргізілген. Жауаптылар жағдай тұрақталды дейді. «Нұр жолы» өткізу пункті алдағы демалыс, мереке күндері де штаттық режимде жұмыс істейді. Қазір шекарадағы тауар айналымын арттыру бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары