$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Синоптиктер болжамы: Мейрам күндері еліміздегі ауа райы қандай болады?

21 наурыздан бастап солтүстік және шығыс өңірлерде күн жылына бастайды

Синоптиктер болжамы: Мейрам күндері еліміздегі ауа райы қандай болады?
Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 18-24 наурызға арналған апталық синоптикалық болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

18-19 наурыз аралығында Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, фронтальды бөлімдердің өтуімен кезең ішінде жауын – шашын (жаңбыр, қар), елдің оңтүстік жартысында-жаңбыр болжанады. Қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) 19 наурызға қараған түні Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы аудандарында күтіледі, осыған байланысты жоғарыда аталған өңірлерде беткейлік ағынның қалыптасуы күтілуде.

22-24 наурызда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтілетін Солтүстік циклон шұңқыры солтүстік аймақтардың аумағына ауысады. 

21 наурыздан бастап Ұлытау, Павлодар, 22 наурыздан бастап Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында күндізгі температураның біртіндеп 3-13 жылуға дейін көтерілуі күтілуде.

 

Серіктес жаңалықтары