Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі: Қазақстанға сапалы ет жеткіземіз
Ол Қазақстанмен қай салада серіктестік орнатылатынын айтты
Бұл туралы Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли Қазақстанға жасаған жұмыс сапары кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Британиялық компаниялар, институттар біздің тәжірибе Қазақстандағы стратегиялық секторлардың қалыптасуына 30 жыл бойы әсер етіп келе жатқанына қуаныштымыз. Бүгін біздің сауда ынтымақтастық серіктестік әртараптанады. Қазақстанның бағалы металдар мен азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы тәжірибесі зор. Біз осы салаларда келісім орнатқанымызға ризашылығымызды білдіреміз. Сондай-ақ біз Қазақстанға сапалы британиялық ет жеткіземіз», - деді Клеверли.
Ол атағандай, Қазақстан ағылшын тілін меңгерген жоғары оқу орындарына бағытталған хабты дамытқысы келеді.
«Біз талантты, білімді жастарды қолдауға көмектескіміз келеді. Білім беру біздің серіктестігіміздегі маңызды бағыт болып саналады. «Болашақ» бағдарламасының үштен бірі Ұлыбританияда білім алып жүр. Олар маңызды білім алып жатыр. Біріккен патшалық Қазақстанның досы болғанын мақтан тұтады», - деді ол.