Ұлыбритания Қазақстанның тұрақты ұстанымын жоғары бағалайды – Джеймс Клеверли

Аягөз Құрмаш

Ол Украинадаға жағдайға қатысты пікір білдірді

Ұлыбритания Қазақстанның тұрақты ұстанымын жоғары бағалайды – Джеймс Клеверли
Фото: sputnik.kz

Бұл туралы Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли Қазақстанға жасаған жұмыс сапары кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстан мен Ұлыбританияның алдағы 30 жылға жоспарлаған әлеуеті өте жоғары. Сол үшін де мен Астанаға келдім. Болашақта біз стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қоямыз. Ол алдағы он жылдыққа жол салады. Біздің елдер арасындағы ынтымақтастық қазіргі жаһандық қауіпсіздік пен әлемдік тәртіпке қауіп төнген заманда өте маңызды», - деді министр.

Клеверли атағандай, Ресей мен Украина соғысы, украиндардың жерін жаулап алу әрекеті БҰҰ жарғысына қарсы.

«Бұл – украин халқының өз болашағын таңдаудағы құқығын мойындамау. Ұлыбритания Қазақстанның Украинаның тұтастығына қатысты тұрақты ұстанымын жоғары бағалайды. Біз Қазақстанды тәуелсіз, егемен ел ретінде, өз халқының жағдайын жасап жатқан ел ретінде құрметтейміз», - деді Джеймс Клеверли.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.