$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сайлау күні 45 мыңнан астам полицей қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді – ІІМ

19 наурызда елімізде Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді

Сайлау күні 45 мыңнан астам полицей қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді – ІІМ
Фото ашық дереккөзден

Сайлау күні қазақстандықтардың тыныштығын қамтамасыз ету үшін 45 мыңнан астам полиция қызметкері жұмысқа шығады. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте соң мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Сайлау күні бүкіл ел аумағындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 45 мыңнан астам полиция қызметкері жұмысқа шығады. Олардың белгілі бір бөлігі сайлау учаскелерінде тікелей тапсырмаларды орындайды. Ал қалған полицейлер көшедегі және сайлау учаскелеріне жақын маңдағы қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалайды. Қоғамдық тәртіпті қорғау тиісті деңгейде сақталады деп сенемін», - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Еске сала кетейік, 19 наурызда елімізде Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

Серіктес жаңалықтары