$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ақ жол» партиясы Жетісу жұртшылығымен жүздесті

Жиын барысында партияның саяси бағдарламасы таныстырылды

«Ақ жол» партиясы Жетісу жұртшылығымен жүздесті

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, партия төрағасының орынбасары Қазыбек Иса, партияның Жетісу облыстық филиалының төрағасы Ермек Егінбаев пен Мәжіліс және жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттар бастаған «Ақ жол» демпартиясы Республикалық штабының мүшелері Талдықорған қаласының еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын барысында партия басшысы жұмысшыларға партияның саяси бағдарламасын таныстырып, оның басым бағыттарын атады.

Қызметкерлер баспананың қолжетімділігі, БЖЗҚ-дағы қаражатты басқару, тұтыну несиелерінің жоғары пайыздық мөлшерлемесі туралы сұрақтар қойды. Зейнеткерлікке шығу жасын төмендету, еңбек жағдайлары ауыр, зиянды және аса зиянды жұмыскерлердің 1 және 2 тізімдерін қайтару туралы өтініштер айтылды.

Серіктес жаңалықтары