Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді
Синоптиктер 17 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, елдің оңтүстік-батысында, батысында-шаңды дауыл соғады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жол көктайғақ болады. Батыстан соғатын жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы -7-9°С, күндіз -1+1°С шамасында болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Кейде тұман түседі. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0,+2°С, күндіз +7+9°С болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +18+20°С болады.