ШұғылӨткен тәулікте Қазақстанда 835 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Коронавирус тағы төрт мемлекетке жетті

Әлем бойынша аталған вирусты жұқтырғандар саны 90 мыңнан асты

Фото: reuters.com

Қытайдан тыс жерлерде коронавирус жұқтырғандар саны 12 мыңнан асты. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.

«Соңғы бір тәулікте Қытайдан тыс жерлерде коронавирус жұқтырғандар саны 76 мемлекетте 12 668-ге жетті. Соңғы 24 сағатта 2 мыңнан астам жаңа жағдай тіркелді. Қаза тапқандар саны 214 адамға жетті. Оның ішінде 48 адам соңғы бір тәулікте қаза тапты», - деп жазылған хабарламада.

Вирус тағы төрт мемлекетке жетті. Олардың қатарында Аргентина, Чили, Польша мен Украина бар.

ДДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 80 мыңнан асып, үш мыңға жуық адам қаза тапты. Жалпы, аталған вирусты әлем бойынша 90 мыңнан астам адам жұқтырған.