«Алматыда жоқ-жоқ» деп жүріп ақыры тауыпты ғой»: сатирик Уәлибек Әбдрайымов әнші Ерке туралы
Ол әнші Райымға кеңес берді
Танымал сатирик Уәлибек Әбдрайымов «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында Райым мен Ерке Есмаханның ара қатынасына қатысты пікір білдіріп, өнердегі інісіне ағалық кеңесін берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Өзінен жасы үлкен әйелдерді жар етіп алған інілеріңізге не айтасыз?» деген сұраққа сатирик әзілмен жауап беруге тырысты.
«Алматыда жоқ-жоқ» деп жүріп ақыры тауыпты ғой. Дұрыс, бақытты болсын. Бірақ мұны олардың өзіне айтсаң «Менің жеке басымда не шаруаң бар? Өзіңе жауап бер» деп айтады. Баяғыда ұят, намыс деген болатын. Әлде оныкі пендешілік пе? Райымға Қазақстанның бүкіл қызы ғашық еді. Мүмкін ол Еркеге бұрыннан ғашық болған шығар. Райымға айтарым, Еркенің өзі 40-қа жақындап қалған екен, енді 10 жылдан кейін ұйқыдан тұрғанда Еркеден кеш тұр», – деді Уәлибек Әбдрайымов.
Stan.kz-тің жазуынша бағдарлама жүргізушісі әзілкешке: «Ұлы өзімнен он екі жас үлкен қызға үйленемін десе, не дейсіз?» деген сұрақ қойды.
«Шырағым, балам, сол қызды мен алайын. Дәл сол қыз үйге келін болу керек болса, маған кезек бер» дейтін едім», – дейді ағынан жарылған сатирик.