$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облысында кандидаттар жастарға «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді

Қостанай облысында кандидаттар жастарға «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді

Қостанайда жастарға арналған партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша фронт-кеңседе кездесу өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кездесуге қоғамдық штаб төрағасы кандидат Бибігүл Аққожина мен облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар қатысты.

Сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Бибігүл Аққожина қала жастарын қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

«Біз бастаушы кадрларды жұмысқа орналастыру үшін «Жастар практикасы» бағдарламасын жалғастырамыз. «Жасыл Ел» жобасы шеңберінде жыл сайын 30 мың адамды жұмысқа орналастыру үшін мүмкіндіктер жасаймыз. Бұл ретте 10 мың ауыл жасын қамту көзделген. Биыл «AMANAT» өзінің партиялық жобасы аясында 300 мың жасты жұмысқа орналастырмақ. Партия жастарды өкілді органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қолдап, ұсынып отырады. Сондай-ақ партия студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету бойынша жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарды арттыруға жәрдемдеседі. Студенттік жатақханаларда тұру жағдайларына үнемі мониторинг жүргізетін болады», - деді кандидат.

Басқосуда кандидат Серік Манасбаев жастар еліміздің дамуына күш салуға дайын екенін жеткізді.

Кандидаттар сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектеріне ерекше назар аударды.

Іс-шара соңында кандидаттар бағдарламада көрсетілген барлық бағыттың іске асырылуы мұқият қадағаланатынын айтып, жастарды алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімін ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

Серіктес жаңалықтары