«AMANAT»: Сайлауалды бағдарлама халық сұранысы негізінде дайындалды
Олар қызметтің барлық саласын қамтиды, партия жобалардың орындалуын қадағалайды

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы атынан ҚР Парламенті Мәжілісі мен облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар «Қазақтелеком АҚ» өңірлік филиалының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жиын барысында алда келе жатқан сайлаудың маңыздылығы айтылды. Спикерлердің сөзінше, бұл саяси науқанның мемлекет пен қоғам үшін де, әр отбасы мен әр азаматтың болашағы үшін де маңызы зор, мәні терең.
«Үгіт-насихат науқаны басталғанда «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасын жариялады. Әр облыстың, қаланың демографиялық, әлеуметтік және экономикалық ерекшелігі ескеріле отырып, 20 аймақтық сайлауалды бағдарлама әзірленген. Олардың әрқайсысында 10 негізгі бағыт айқындалды. Оның ішінде әртүрлі салалар қамтылды. Әлі де шешілмеген мәселелер жеткілікті. Аманаттықтар әділетті қоғам құруды көздейді», - дейді облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Балжан Шәменова.
Кандидат Аида Әбибуллаева облыс тұрғындарын толғандырып жүрген өзекті мәселелер, оларды шешу жолдары сайлауалды бағдарламада көрсетілгенін айтты. Олар қызметтің барлық саласын қамтиды, партия жобалардың орындалуын қадағалайды.
«Бағдарламада маңызды әлеуметтік-экономикалық бағыттар: білім беру жүйесі мен денсаулық сақтау саласын дамыту, су және көгілдір отынмен қамтамасыз ету, тұрғын үй мәселесін шешу, жолдар мен қоғамдық көліктердің сапасын арттыру көзделген. Мұның бәрі уақытымен шешіледі. Елді мекендердің бәрін интернетпен қамту арқылы IT-технологиялар бойынша үйірмелер ауыл балаларына қолжетімді болады. Бағдарламаға сәйкес коммуникациялар салынады, аумақтар абаттандырылады. Барлық міндетті шешуге бес жыл уақыт берілген. Ал партия олардың орындалуына қол жеткізеді», - деді Аида Әбибуллаева.
Кездесу соңында спикерлер Отанымыздың ертеңіне бей-жәй қарамайтын барлық қазақстандықты алдағы сайлауға белсене қатысып, дауыс беруге шақырды.
Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді