$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ауыл» партиясы Петропавлда Ұлттық диаспоралардың көрмесін өткізді

Оған партия депутаттығына кандидаттар мен диаспора өкілдері қатысты

«Ауыл» партиясы Петропавлда Ұлттық диаспоралардың көрмесін өткізді

Петропавлда 26 ақпанда «Ауыл әлемнің 100 тілінде» тақырыбында ұлттық диаспоралар көрмесі өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға «Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Қайрат Айтуғанов, Николай Арсютин, Светлана Прокопьева, София Абдразакова, Ахметжан Әскеров, Рабиға Тоқсейітова қатысты. Олар Кавказ тау диаспорасының өкілдерімен кездесті.

Сталиндік саясаттың арқасында жойылып кету қаупі төнген ұлт өкілдері қазақ жеріннен пана тапты. Күштеп қоныс аударған ұлттардың ұрпақтары бүгінде осы аймақта жұмыс істейді және тұрады. Олар бүгінгі күнге суықтан және аштықтан қорғаған қазақ халқының арқасында жеткендерін ұмытпады.

Партиялықтар сайлау туралы айтты, Солтүстік Қазақстаннан келген диаспоралардың өкілдері партия өкілдерін жылы қабылдады және мұқият тыңдады. Сондай-ақ, кездесуде оларды толғандыратын мәселелер мен шешу жолдары талқыланып, сұрақ-жауап сессиясы өтті.

Серіктес жаңалықтары