Екібастұз тұрғындары ауылдарға су құбырын тарту және жол жөндеу мәселелерін көтерді
«AMANAT» партиясының Павлодар облыстық сайлауалды штабының өкілдері Тереңкөл ауданында үгіт-насихат кездесулерін өткізуде. ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер Вера Ким, облыстық мәслихат депутатына үміткер Жанбол Жилбаев, Гүлмира Нұрханова және аудандық мәслихат депутаттары Песчан мәдениет үйінде, «Комаров» ЖК-де және Тереңкөл мәдениет үйінде сайлаушылармен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сонымен қатар, тұрғындарды жеке мәселелер бойынша қабылдап, талап-тілектерін, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ауылдық жерлерде жасалатын мүмкіндіктер туралы баяндады. Яғни елдің жүрегі ауыл болғандықтан, партия ауылды дамытуға, тұрғындарға жайлы жағдай жасауға, жастарды қолдауға айрықша назар аударып отыр.
«Біздің партия құрамы 75 пайызға дейін жаңарып, биылғы сайлауға жаңа әрі жас үміткерлер қатысып жатыр. Үгіт-насихат науқаны басталғалы барлық қала, аудан және ауылдарды аралап, халықпен кездесу өткізіп жүрміз. Мақсатымыз – халықпен кездесіп, мәселелерін билікке, үкіметке жеткізу. Негізі Железин және Шарбақты аудандарында тұрғындар көбінесе жайылым мәселесін көтереді. Сонымен қатар, маман тапшылығы да қозғалады. Осы мәселенің бәрі біздің бақылауымызда болады», - деді облыстық мәслихатқа үміткер Гүлмира Нұрханова.
Тереңкөлдіктер тарапынан тұрғындарды дәрі-дәрмекпен жеткілікті түрде қамту, Тереңкөл және Трофимовка ауылдарында жұмысшыларға арналған 2 көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысын көбейту, мүгедек жандардың құжатын мерзімсіз рәсімдеу, Береговое ауылында мектепке дейінгі балаларды балабақшамен қамту, Береговое ауыл клубын жөндеу секілді мәселелер көтерілді.
ҚР Парламенті Мәжілісіне «AMANAT» партиясының атынан үміткер Нұржан Әшімбетов, облыстық мәслихатқа үміткер Серік Сәдуақасов, Арман Рахмашев бастаған үгіт-насихат делегациясы Екібастұз ауылдық аймағына барды. Онда Құдайкөл, Қарасор, Құлакөл, Сарықамыс ауылдарына және Солнечный кентіне барып, тұрғындармен кездесіп, сайлаушылардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.
«Қазір еліміздегі ең маңызды мәселе – жер мәселесі. Әсіресе, ауылда тұратын адамдарға жайылым жері жетпей жатыр. Яғни, ауыл маңындағы көп жер егістікке айналып кеткен. Сондықтан, алдағы уақытта әр ауылдың мал санына байланысты жер көлемі бекітіледі. Оған ауыл әкімі жауапты. Егер жер бос болмаса, фермерлер алып қойған болса, қайтаруы тиіс. Жер кодексінің 16-бабы бойынша әр азамат үш жыл мерзімге 500 гектарға дейін жер алуына болады. Бірақ оны тұрғындар біле бермейді. Сондықтан, бұл бапты өзгертіп, жастардың жер алып, оны игеруіне мүмкіндік беруді ұсынамыз», - деді Арман Рахмашев.
Екібастұз тұрғындары ауылдарға су құбырын тарту және жол жөндеу мәселелерін көтерді.
«Ауыл – қазақ жерінің өзегі. Біз ауыл тұрғындарының болашаққа деген сенімін, ерік-жігерін, даму қуатын арттыруымыз қажет. «AMANAT» партиясының басты мақсаты ауыл экономикасын көтеру, ауылдық жерде еңбек ету абыройлы әрі пайдалы болатындай жағдай жасауды көздейміз», - деді облыстық мәслихат депутатына үміткер Серік Сәдуақасов.
Бүгін «AMANAT» партиясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер Анатолий Бойчин, облыстық мәслихат депутатына үміткер Ертарғын Шахман бастаған үгіт-насихат тобы Железин ауданына барды. Алғашқы кездесу Железин ауылындағы «Пахарь» ЖШС-де болып, тұрғындармен және жұмысшылармен пікірлесіп, партияның сайлауалды бағдаламасымен таныстырды.
«AMANAT» партиясының өкілдері үгіт-насихат жұмысы басталғаннан бері халықпен кездесіп, олардың талап-тілектерін жинап келеміз. Сіздердің берген ұсыныс-тілектеріңіз арқылы ауқымды жол картасы жасалып, сол бойынша жұмыс істейтін боламыз. Ауылға қатысты айтсақ, аграрлық саланы субсидиялау жүйесін түбегейлі жақсартамыз. Біздің алдымызда нәтижеге бағдарланған субсидиялаудың заңнамалық деңгейде тұрақты, болжамды деңгейін қамтамасыз ету міндеті тұр», - деді Ертарғын Шахман.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан ауылдағы медицина мамандарының жеткіліксіздігі және басқа да мәселелер көтерілді. Аманаттықтар тұрғындардың барлық талап-тілектері партияның сайлауалды бағдарламасына енгізілетінін және бақылауда болатынын атап өтті.
Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді