$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанаға БҰҰ жоғары комиссары сапарлап келеді

Ол Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен кездесулер өткізеді

Астанаға БҰҰ жоғары комиссары сапарлап келеді

2023 жылғы 16-17 наурыз аралығында Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссары Фолькер Тюрктың Астана қаласына жұмыс сапары өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров атағандай, Фолькер Тюрктің мемлекет және Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілімен кездесулері жоспарланып отыр.

«Сонымен қатар, жоғары комиссар биыл атап өтілетін Адам құқықтары жөніндегі дүниежүзілік декларацияның 75 жылдығына және іс-қимыл жоспары бойынша Вена декларациясының 30 жылдығына арналған Қазақ мемлекеттік заң университетінде дәріс өткізеді», - деді ол.

17 наурызда БҰҰ-ның ғимаратында сапардың нәтижелері бойынша қорытынды баспасөз брифингі өтеді.

Серіктес жаңалықтары