Каспий теңізі арқылы Қазақстанға гашиш пен апиын жеткізген шетелдіктер сотталды
Қылмыскерлер навигация үшін GPS және спутниктік байланыс құралдарын пайдаланған
Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі заттарын контрабандалық жолмен тасымалдау фактісі бойынша үш шетелдік және бір қазақстандық азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Маңғыстау облысының Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған соты есірткі қылмысына қатысушыларды ҚР ҚК 286-бабы 4-тармағына сәйкес кінәлі деп тауып, ұзақ мерзімге бостандықтарынан айыру туралы шешім шығарды.
«Сотталушылар Қазақстанға Каспий теңізінің акваториясы арқылы 10 келі апиын мен 8 келі гашиш әкелмек болған әрекеттері үстінде ұсталды. Шетелдің азаматтары мемлекеттік шекараны кіші көлемді қайықпен заңсыз кесіп өткен. Қылмыскерлер қолданған қайық жеңіл әрі жылдам қозғалатындықтан оны радиолокациялық құралдармен анықтау қиындық тудырған», - деп көрсетті ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.