$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда аурухананың екінші қабатынан 54 жастағы пациент құлап кетті

Науқастың оң жамбас сүйегі сынып, қазір реанимацияда жатыр

Ақтауда аурухананың екінші қабатынан 54 жастағы пациент құлап кетті
Фото ашық дереккөзден

Ақтауда аурухананың екінші қабатынан 54 жастағы пациент құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық көпбейінді аурухананың 2-қабатынан құлаған 54 жастағы бейнеулік 6 наурыз күні травмотология бөліміне түскен.

Дәрігерлер тексерген кезде сол жақ шынтағының шыққанын анықтап, салып береді.

Ал жоспарлы ота бүгінге, яғни 10 наурызға қойылған. Алайда науқас таңертеңгі 07:15-те травмотология бөлімінің терезесін сындырып, 2-қабаттан құлап түседі.

Науқастың оң жамбас сүйегі сынып, қазір реанимацияда жатыр. Жағдайы - тұрақты ауыр.

Ал ертең сол шынтағы мен оң жамбасына операция жасалады деп жоспарланған.

«Есін біледі, сұрақтарға жауап береді. Бірақ науқас құлауының себебін айтпайды. Қазір жалпы жансақтау бөлімінде жатыр. Ол 3-4 метр биіктіктен құлаған. Кезекші травмотолог, реаниматолог, қосымша дәрігерлер дер кезінде көмек көрсеткен», - дейді Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының травмотология бөлімінің меңгерушісі Есет Шахатбаев.

Серіктес жаңалықтары