$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан отандық кеме жасау өндірісін қолға алуға ниетті – Василенко

Каспий теңізінде танкер қайықтары өндірісін қалыптастыру мәселесі көтерілді

Қазақстан отандық кеме жасау өндірісін қолға алуға ниетті – Василенко
Фото: kapital.kz

Қазақстан отандық кеме жасау өндірісін қолға алуға ниетті. Бұл туралы  Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Еуропа Одағы Global Gateway – «Ғаламдық қақпа» деген бастамасын жариялады. Онда әлем бойынша инфрақұрылым жобаларына 300 млрд еуро бөлу қарастырылған. Осыған орай Орталық коммуникациялар қызметінде Роман Василенкоға «Қазақстан аталған бастама аясында Еуропа елдерімен қандай жобаларды жүзеге асыра алады?» деген сұрақ қойылды.

«Қазақстан Еуропа мен Азияның ортасында орналасқан. Бұл стратегиялық жағынан, әсіресе көлік логистикасының дамуы жағынан маңызды. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан осы саладағы әлеуетті арттыру үшін қомақты қаражат құйды. Бүгінде біз Еуропалық Одақтың Global Gateway, яғни «Ғаламдық қақпа» бастамасын қолдаймыз. Сіз әлем бойынша инфрақұрылым жобаларына 300 млрд еуро бөлінеді дедіңіз», - деді Роман Василенко.

Оның айтуынша, былтыр орта дәліз арқылы жүк тасымалы 2,4 есе өсіп, 1,3 млн тоннаға жетті.

«Бұл бізде тар орындар барын көрсетті. Бұл Қазақстан және басқа елдер аумағында орналасқан. Жүк Әзербайжан, Грузия, Түркия бағыты арқылы тасымалданады. Аталған мәселе осы салада, әсіресе Каспий теңізінде Ақтау сауда портының қуатын арттыруға қатысты инфрақұрылымды қай жағынан дамытуға болатынын көрсетті. Біз көлік дәлізі әлеуетін арттыру үшін солтүстік-оңтүстік және батыс-шығыс бағыттары бойынша трансшекралық хаб құрғымыз келеді. Отандық кеме жасау өндірісін қалыптастыруды ойға алып отырмыз. Паромды сал өндірісі, Каспий теңізінде танкер плоты өндірісін қалыптастыру керек. Жұмыстың ауқымы осындай кең болғандықтан, еуропалық әріптестерімізді қолдаймыз», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары