Серік Күдебаев ауруханаға түсті: сот отырысы шегерілді

Автор: Azattyq Rýhy

Ол қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді

Фото ашық дереккөзден

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы кейінге шегерілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Нұрсұлтан Орынбасаровтың айтуынша Серік Күдебаевтың ауруханаға түсіп қалуына байланысты сот отырысы кейінге шегерілді.

Айта кетейік, Серік Күдебаевтың соты қаңтар айында басталған болатын. Ол қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді. 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.

Жуырда Күдебаевтың ұлы Президентке бейнеүндеу жолдаған болатын.