Қызылорда облысында спортпен айналысатын тұрғындар үлесін 53%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр
«AMANAT» партиясы 2027 жылға дейін 12 дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысын салуға қаржының бөлінуіне ықпал етеді
Бүгін «AMANAT» партиясынан Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар «Мұз айдынында» спортшылармен, спорт кешенінің қызметкерлерімен кездесіп, партияның алдағы 5 жылға жоспарланған сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Оның ішінде «AMANAT» партиясы жаппай спортты дамыту және азаматтардың дене шынықтыруын дамыту міндеттерін алға қоятынын атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бұқаралық спортты дамыту мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі». Осылай деген Мақсұт Нәлібаев әр тұрғын кем дегенде жүгіріп, бойын сергітіп тұрса бұл оның ұзақ өмір сүруіне, денсаулығының мықты болуына септігін тигізетінін сөз етті.
Үміткер Айсұлу Қасымова алдағы бес жылда партия өз жұмысында халықтың денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортқа тартуға баса назар аударатындығын жеткізді.
«Жалпы «AMANAT» партиясы 2027 жылға дейін 12 дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысын салуға қаржының бөлінуіне ықпал етеді. Оның ішінде: Арал ауданының Қамыстыбас ауылында, Қазалы ауданының Түктібаев ауылында, Қармақшы ауданының Жосалы кентінде. Одан бөлек, спорт нысандарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізіледі. Сонымен қатар партиялық бақылау механизмі арқылы балаларға спорт үйірмелеріне немесе шығармашылық үйірмелерге тегін баруына мүмкіндік жасайды. Нәтижесінде халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қарқынын 1000 адамға шаққанда 47,8%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл бұқаралық спорт түрлерін дамытуға, дене шынықтыру және спортпен айналысатын тұрғындардың үлесін 53%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді үміткер Айсұлу Қасымова.
Жиын соңында үміткерлер спортшылардың көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, оларды алдағы болатын сайлауда «AMANAT» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.
Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді