Ұстаздар мәртебесі жағдайын жақсарту мәселесі талқыланды
«AMANAT» партиясынан үміткерлер Алмас Рахметов, Айсұлу Қасымова, Нұрболат Ибраев облыс орталығындағы оқушылар сарайында болып, ұжым қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Штаб мүшелері білім саласы қызметкерлерімен кездесуде сайлауалды бағдарламада партияның мақсаты – білім беру инфрақұрылымы мен мазмұнының проблемаларын шешу жөніндегі негізгі бағыттарын атап өтті. Сонымен қатар ұстаздар мәртебесі жағдайын жақсарту шараларын талқылады.
Кандидат Алмас Рахметов жиналғандарды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, жастардың проблемалары мен оларды шешудің ұсынылған жолдарына толығырақ тоқталды.
Жиында сөз алған үміткер Айсұлу Қасымова партияның білім сапасын арттыру бағытындағы кешенді жоспарын атап өтті.
«AMANAT» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен 100% қамтуды, білім беру ұйымдарында оқушылар үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайлар жасауды мақсат етіп отыр. Бұл үшін партия алдағы жылдары 17 білім ордасына күрделі жөндеу жүргізуге, 26 білім беру нысанының құрылысын және 4 мектепке қосымша құрылыс жұмысын жүргізуге ықпал етеді. Осы жұмыс нәтижесінде апаттық және үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешіледі, 2027 жылға дейін 2 жастан 6 жасқа дейін балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқыту 100%-ды құрайтын болады. Оқушылар еліміздің ертеңгі нұрлы болашағы. Сыр елінің білім деңгейі жоғары. Сол жарқын жолда бірігіп қызмет атқару баршамыздың ортақ борышымыз», – деді Айсұлу Қасымова.
Жиын соңында үміткерлер жиналғандарды дұрыс таңдау жасап, «АМАNАТ» партиясына дауыс беруге шақырды.
Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді