07.03.2023, 22:52
Жаңалықтар
Бангладеш астанасындағы жарылыстан 14 адам қаза тапты
Жарылыстың себебі қазір анықталуда
Rashed Shumon/Star
Бангладеш астанасы Даккадағы бес қабатты ғимаратта болған жарылыс салдарынан 14 қаза тапты, тағы 100-ден астамы зардап шекті. Бұл туралы The Daily Star газеті өрт сөндірушілерге сілтеме жасап хабарлады.
Зардап шеккендер Дакка медициналық колледжінің ауруханасына жеткізілді.
Ғимараттың бірінші қабатында санитарлық цех, ал басқа қабаттарда банк кеңсесі, сондай-ақ нысанның жанында жеті қабатты санитарлық базар ғимараты орналасқан, деп атап өтті The Daily Star. Ғимараттардың ешқайсысы құлаған жоқ.
Өрт сөндіру қызметінің кезекші диспетчері Рашед бен Халед бұл жерде 11 өрт сөндіру қызметі жұмыс істейтінін айтты. Жарылыстың себебі қазір анықталуда.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді