$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үкіметте еліміздің үш облысындағы су тасқынына қарсы шаралар талқыланды

Қазіргі уақытта жергілікті жерлерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған

Үкіметте еліміздің үш облысындағы су тасқынына қарсы шаралар талқыланды
Фото ашық дереккөзден

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте Ақтөбе, Атырау және Қызылорда облыстарының әкімдері орынбасарларының қатысуымен осы өңірлердегі су тасқынына қарсы жедел әрекет ету шаралары талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кеңес барысында 7 наурызда Ақтөбе, Атырау және Қызылорда облыстарында ауа температурасының күрт көтеріліп, қардың еруіне және жауын-шашынның мол түсуіне байланысты облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды қарғын су шайып өткені туралы хабардар етілді.

Әкімдіктер шұғыл түрде жолдарды нығайту, су ағынын жайылымдық жерлерге қарай бұру бойынша қажетті шараларды қабылдады. Бұған ТЖД қызметтерінің күштері мен техникасы жұмылдырылды.

«Қазіргі уақытта жергілікті жерлерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Қалған өңірлердегі су тасқыны ахуалының мониторингі – Үкіметтің бақылауында»,-делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары