Астанада демалыс күндері ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Жәрмеңке аптаның әр сенбі, жексенбі күндері өтеді

Фото: ашық дереккөзден

7, 8 наурыз күндері «Аспан базар» сауда үйінде өңірлік ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Жәрмеңкеде тауарлар республиканың Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстарының өндірушілерінің бағалары бойынша ұсынылады. Атап айтсақ, картоп, пияз, сәбізді - 85 теңгеге, қырыққабатты - 100 теңгеге, сиыр етін - 1700-1800 теңгеге сатып алуға мүмкіндік бар», - деп жазылған әкімдік таратқан хабарламада.

Айта кету керек, жәрмеңке наурыз-сәуір айларының соңына дейін аптаның әр сенбі, жексенбі күндері өтеді.