$ 540  630.72  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да мәслихат депутаттығына үміткер сайлаушылармен кездесуде түйткілді мәселелерді талқылады

Кездесуде партиялық бағдарламаның басты бағыттары талқыланды

ШҚО-да мәслихат депутаттығына үміткер сайлаушылармен кездесуде түйткілді мәселелерді талқылады

«AMANAT» партиясының атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Федор Цыбенко үгіт-насихат жұмыстары аясында Глубокое ауданында сайлаушылармен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кездесуде партиялық бағдарламаның басты бағыттары талқыланды.

«Бұл бағдарламадан әр адам әл-ауқат пен жұмыс, жалақы мен азық- түліктің қолайлы бағасы, сапалы медицина мен білім, жеке баспана мен әлеуметтік қамсыздандыру, ауылды дамыту мен қала инфрақұрылымы, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау туралы сұрақтарға жауап таба алады», – деді Ф.Цыбенко.

Үміткер «AMANAT» бағдарламасында ауылдың тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етуге басымдық берілгенін айтты.

«Бірінші кезекте аграрлық саланы субсидиялау жүйесін түбегейлі жақсартамыз. Біздің алдымызда субсидиялаудың тұрақты, болжамды деңгейін қамтамасыз ету міндеті тұр.

Келесі кезекте – мал шаруашылығы. Қазақстан – ет шығаратын ел, біздің елде қолайлы жайылым мен санғасырлық дәстүр бар, дегенмен біздегі мал шаруашылығы әлі де алдыңғы қатарлы халықаралық деңгейге сәйкес келмейді. Біз бұл саланың ұзақ жыл бойы қордаланып қалған мәселелерін шешеміз.

Сондай-ақ өсімдік шаруашылығында да өнімділікті арттырып, шикізатты өңдеу дәрежесін көтеруіміз керек. Мұны жүзеге асыру үшін барлық өндіріс тізбегін қолға аламыз. Ветеринарлық, санитарлық және фитосанитарлық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайтамыз, жалақының өсуі есебінен жаңа кадр тартамыз.

Сіздерді қала мен ауылды қатар қойып, түйіткілді мәселелерін шешуге білек түре кіріскен «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырамын!» – деп түйді үміткер.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары