Күн райының жақсаруына байланысты республикалық маңыздағы жолдардың 11 бөлігінде жол қозғалысына енгізілген шектеу алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда:
- Қостанай облысында Екатеринбург – Алматы тасжолы (Сарыкөл ауылы – СҚО шекарасы арасы) және Қостанай – Әулиекөл – Сурған тасжолы (Әулиекөл кенті-Октябрь кенті арасы);
- СҚО-да Екатеринбург – Алматы, Жезқазған – Петропавл, Көкшетау – Рузаевка, Қарасай батыр м.к кіреберіс жолы, Булаево – Возвышенка – Молодогвардейское – Кирово – Қиялы, Рощинское – Корнеевка – Волошинка, Волошинка – Сергеевка – Тимирязево, Тимирязева – Сарыкөл – Қостанай өңірінің шекарасы тасжолдары;
- Ақмола облысында Көкшетау – Рузаевка тасжолы (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы арасы) ашық.