$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Инфрақұрылымды жақсарту – маңызды міндет» – қызылордалық мәслихат үміткерлері

«AMANAT» партиясының кандидаттары автобус паркінің ұжымымен кездесті

«Инфрақұрылымды жақсарту – маңызды міндет» – қызылордалық мәслихат үміткерлері

«AMANAT» партиясы атынан Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттығына үміткерлер Бақдәулет Махашов, Жорабек Нұрымбетов, Жанат Қожарипова, Айсұлу Қасымова, қаладағы  «Қызылорда автобус паркі» ЖШС ұжымымен кездесіп, үгіт жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Басқосу барысында облыстық штаб мұшелері еңбек ұжымы өкілдеріне партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Бақдәулет Махашов мекеме жұмысшыларын  елдік мәселеде әрдайым белсенді болуға шақырып, «AMANAT» партиясын қолдауға шақырды. 

Ал үміткер Айсұлу Қасымова барлық саланың жандануына әсер ететіндігі анық. Осы бағытта жолаушылар тасымалын реттеуде жолдар сапасының дұрыс болуы да маңызды рөл атқарады.  Бұл бағыттағы өңірде көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Жолаушылар тасымалы үшін су жаңа автобустар алынып жатыр. Қанша шақырым жолдар салынды, күрделі жөндеуден өтті. Алдағы уақытта 700 шақырым жолдарды күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл мәселелер жергілікті биліктің де, «AMANAT» партиясының да назарында екенін жеткізді.

«AMANAT» – халықтың партиясы. Біз әрдайым қарапайым халықтың құқығын қорғауды назарда ұстаймыз. Жаңалықтар өзгерістерден басталады. Ендеше, біздің партиямыз да Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттарға тың идеясы бар үміткерлер ұсынып отыр. Бұл азаматтар партияның халық алдында берген уәдесінің орындаулына ықпал ететін болады», – деді Жорабек Нұрымбетов.

Мекеме жұмысшылары өз кезегінде бірқатар нақты ұсыныстар айтып, саяси науқанға белсенді қатысатынын жеткізді.

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары