Шавкат Рахмоновтың АҚШ-та танымалдығы артып келеді
Отандасымыз кәсіби карьерасында 17 жекпе-жек өткізіп, бәрін мерзімінен бұрын жеңді
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың АҚШ-та танымалдығы артып келеді. Спортшымызды көрген америкалықтар бірге фото түсуге құмар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Кеше Шавкат Рахмонов UFC турнирінде Джефф Нилмен күш сынасып, қылқындыру әдісімен мерзімінен бұрын жеңген болатын. Жекпе-жек үшінші раундта аяқталды.
Осы жекпе-жектің алдында UFC жартылай орта салмақтағы рейтингінде Рахмонов оныншы, ал Нил жетінші орында болды. Осыған қарамастан, ММА мамандары мен букмекерлердің бәрі қазақстандықтың жеңісіне сенімді болды.
Осылайша отандасымыз кәсіби карьерасында 17 жекпе-жек өткізіп, бәрін мерзімінен бұрын жеңді.
Ал оның қарсыласы болған Джефф Нил 15 кездесуже жеңіске жетсе, бесеуінде есе жіберді.