05.03.2023, 10:14
Жаңалықтар
Түркістан облысында 3 жасар бала өзеннен өлі табылды
Ата-анасының қарауынсыз қалған бала үй маңындағы өзенге құлап кеткен
Фото ашық дереккөзден
Түркістан облысында 3 жасар бала өзеннен өлі табылды. Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
4 наурызда сағат 18.00-де Түркістан облысы ТЖД 112 пультіне Бәйдібек ауданы Жоғарғы Боралдай ауылының жергілікті тұрғындары 2020 жылғы баланың денесін (құлаған жерден 1 шақырым жерде) судан алып шыққаны туралы хабарлама түскен.
Алдын ала мәлімет бойынша, 4 наурызда күндіз ата-анасының қарауынсыз қалған 2020 жылы туған бала суға түсуге жабдықталмаған жерде суға құлаған. Үйге жақын маңда өзен бар екен.
Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖ департаментінің, кезекші тергеу-жедел тобының қызметкерлері барған.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді