Атырау мұнай өңдеу зауытының құрылыс алаңында жарақат алған жұмысшы қайтыс болды

Azattyq Rýhy

Қазір болған оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр

Атырау мұнай өңдеу зауытының құрылыс алаңында жарақат алған жұмысшы қайтыс болды
Фото ашық дереккөзден

Атырау мұнай өңдеу зауытының құрылыс алаңында жұмысшы жарақат алып, ол ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 «Атырау мұнай өңдеу зауыты 3 наурызда кәсіпорын аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан қосалқы мердігер компаниялардың бірінде жазатайым оқиға болғанын хабарлайды. Оқиға механикалық тазарту қондырғыларының құрылыс алаңында жүк көтергіш техниканы маневрлеу кезінде болған. Қосалқы мердігер компанияның зардап шеккен жұмысшысы облыстық аурухананың травматология бөлімшесіне жедел жеткізілді. Кейін жұмысшы алған жарақаты салдарынан ауруханада көз жұмды», - деп хабарлады зауыттың қоғаммен байланыс бөлімінен.

Қазір болған оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.