$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ЖСДП: социал-демократтар көптеген делдал фирмаларға бақылау орнатуды ұсынады

Сайлаушыларға партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді

ЖСДП: социал-демократтар көптеген делдал фирмаларға бақылау орнатуды ұсынады

Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Абай облысындағы филиалының өкілдері Семей қаласының сайлаушыларымен үгіт-насихат кездесуін өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Филиал төрағасының міндетін атқарушы Рүстем Сарманов облыс орталығы тұрғындарымен кездесіп, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады.

Партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей, социал-демократтар көптеген делдал фирмаларға бақылау орнатуды ұсынады.

Бұндай фирмалар тұрғын үйі коммуналдық шаруашылығында, энергетика мен мұнай, мұнай өнімдері және азық-түлік нарығында көптеп кездесетіні, бағананың өсуіне олардың да қатысы бар екені айтылды.

Осындай кездесуді Түркістан облысының сайлаушыларымен Мәжіліс депутаттығына партия тізімі бойынша үміткер Абдукамал Ашимбеков те өткізді.

Үміткер Кентау Трансформатор Зауытының жұмысшыларымен кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Жаңа Еңбек кодексін қабылдау қажеттігін түсіндірді, еңбек шарттарында жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің теңдігі қамтамасыз ету қағидаттарының болуына назар аударды. Абдукамал Ашимбеков жастарды жұмысқа орналастыру бойынша Оңтүстік аймақтың артта қалып жатқанына да тоқталды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ЖСДП #сайлау