$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Кандидаттар Жетісу өңірінің тұрғындарымен кездесті

Спикерлер кездесуге келген азаматтарға партияның сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндірді

Кандидаттар Жетісу өңірінің тұрғындарымен кездесті

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына сай Жетісу өңірінде 2027 жылға дейін жалпы аумағы 1,5 млн. шаршы метр болатын 419 көпқабатты тұрғын үй бой көтермек. Мұнан бөлек, 100 медициналық нысанның, 39 мектептің іргесі қаланып, тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілмек. Бұл құрылыс саласындағы басты басымдықтардың бір парасы ғана. Дәл осындай жаңашылдықты «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттары Гүлмира Ахметова мен Қуат Баймырзаев «Жетісу Су құбыры» ҚМКК ұжымымен кездесуде сөз етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қуат Баймырзаев партияның Жетісу өңірінде алдағы бес жылда жүзеге асыратын бастамаларын тізбектеп шықты. Оның айтуынша, «AMANAT» партиясы жыл сайын 58 мектепті жаңғыртудан өткізбек. Мектеп жасына дейінгі балалар 100 пайыз балабақшамен қамтылмақ. 3 мыңға жуық әлеуметтік осал отбасы баспанаға қол жеткізбек. Артынша сөз алған Гүлмира Ахметова өңірдегі партия ықпалымен жүзеге асатын өзге де басымдықтарды сөз етті.

 «AMANAT» партиясының да көксегені – халықтың жайы мен мемлекет мүддесі. Партиямыз өңірдің әлеуетін көтеруге бар күш-жігерін жұмсайды. Мемлекет басшысы өңірге сапары барысында Жетісу – қант қызылшасын егу бойынша жетекші аймақ болуы керегін нығырлай тапсырды. Осы ретте партиямыз өңірдегі қант қызылшасы алқабын 2027 жылға қарай 12 мың гектарға жеткізуді көздеп отыр. Мұнан өзге өңірдегі 200-ден астам елді мекен көгілдір отынға қол жеткізбек. 1000 шақырымға жуық инфрақұрлым қайта жаңғыртудан өтеді. 100-ге жуық медицина нысаны салынады. Мұның бәрі құр сөз, құрғақ уәде емес, халықтың аманаты», - деді Гүлмира Ахметова.

Спикерлер партияның сайлауалды бағдарламасын құрылысшыларға жан-жақты түсіндіру барысында оларды толғандырған сауалдарға тұщымды жауап берді. Жиын соңында өңірдің сәулеті мен дәулетін айшықтап жүрген сала мамандарын «AMANAT» партиясын қолдауға шақырды.

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары