$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Атырау облысындағы сайлаушылармен кездесті

Кездесуде өңірдегі ең өзекті мәселелер сөз болды

«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Атырау облысындағы сайлаушылармен кездесті

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Атырау облысында мұнайшылармен, кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен және шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мақат ауданының Доссор кентінде мұнайшылармен және сала ардагерлерімен кездесу өтті. Олардың айтуынша, көптеген кәсіпорында, әсіресе өзге елдің капитал үлесі бар компанияларда шетелдік және қазақстандық қызметкерлердің жалақысын есептеу кезінде әрдайым теңдік сақтала бермейді.

«Мұнайшылардың, геологтардың, бұрғылаушылардың, инженерлердің, технологтардың, басқа да мамандардың жемісті жұмыс істеуінің арқасында сала отандық экономиканың локомотивіне айналды. Корпорациялардың үстеме табысы қатардағы жұмысшыларға лайықты еңбекақы төлеуге бағытталу маңызды.  Сондай-ақ, ірі инвесторлар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаты бойынша өңірлерді дамытуға қаржы құюы тиіс», - деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Бұдан соң Жылыой ауданының жұртшылығымен кездесу өтіп, оған 200-ден астам адам қатысты. Штаб мүшелері тұрғындармен партияның сайлауалды бағдарламасындағы коммуналдық, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту және экологиялық жағдайды жақсарту шараларын талқылады.

Сонымен қатар мұнай сервисі саласының кәсіпкерлерімен кездесу өтті. Оның барысында отандық мамандарды даярлау, қазақстандық тасымалдаушыларды қаржылай қолдау, сатып алу және басқа да мәселелер талқыланды.

Осы күні «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Құлсары қаласындағы тұрғындардың баспана жағдайымен жеке танысты. Қазіргі уақытта қалада 130-ға жуық үйдің тозығы жеткен, олардың арасында апаттық жағдайдағы үйлер де бар.

 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#AMANAT партиясы