$ 518.07  595.21  6.37
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да кандидат мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті

Мәдениет, мұрағат пен кітапхана қызметкерлерінің жалақысы екі есеге артатын болады

ШҚО-да кандидат мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті

«AMANAT» партиясының кандидаты Денис Рыпаков облыс орталығында мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кездесуде партиялық бағдарламаның ұлттық мәдениетті қолдауға қатысты басымдықтары туралы айтылды.

«Дамыған мәдениет ұлттың рухани бірлігінің негізі болуы керек, сондықтан ол біздің қолдауымызды үнемі қажет етеді. Біз жыл сайын театр, кітапхана, коммуникация, білім беру және демалыс орталықтарын қоса алғанда 300-ге жуық мәдениет нысанын саламыз және жаңғыртамыз. Мәдениет, мұрағат пен кітапхана қызметкерлерінің жалақысы екі есеге артатын болады», – деді кандидат.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясы еліміздің бүкіл әдеби мұрасын бірыңғай кітапхана платформасы негізінде цифрлық форматқа көшіруге ниетті.

Кездесу соңында мәдениет өкілдері ұсыныс айтты.

«Партияның алға қойған маңызды мақсаттарының бірі – қазақ халқының материалдық және материалдық емес мұраларын насихаттау. Бұл жұмыс сіздер еңбек етіп жүрген саламен тікелей байланысты. Сондықтан 19 наурызда дұрыс таңдау жасап, «AMANAT» партиясына дауыс беріңіздер», – деді Денис Рыпаков.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары