$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Грекияда жүк және жолаушылар пойызы соқтығысты: қаза тапқандар 32 адамға жетті

Жолаушылар пойызындағы бас және екінші вагон толығымен жойылып кеткен

Грекияда жүк және жолаушылар пойызы соқтығысты: қаза тапқандар 32 адамға жетті

Пойыздардың соқтығысуынан кем дегенде 32 адам қаза тауып, 85 адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BBC Russian ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай сейсенбі күні кешке Лариса қаласының маңында болды. Жолаушылар пойызы Афинадан Салоникиге қарай жүріп бара жатты, оған қарсы бағытта Салоникиден Ларисаға жүк құрамы жолға шыққан еді. Пойыздардың неліктен бір теміржолмен жүргендері белгісіз.

Пойыздар қақтығысқан кезде, 350 адамнан тұратын жолаушылар пойызының вагондары рельстен шығып кетіп, олардың бірі өртке оранған. Екі құрамның дөңгелектері мен басқа бөлшектері ондаған метрге дейінгі жерге ұшып кеткен.

«Қақтығыс өте қатты болды», - деді Фессалия аймағының губернаторы Константинос Агорастос журналистерге.

Оның айтуынша, жолаушылар пойызының алғашқы төрт вагоны рельстен шығып, бас және екінші вагон толығымен жойылды. Skai телеарнасының хабарлауынша, медициналық көмекке мұқтаж емес жолаушылар Салоникиге автобустармен эвакуацияланды. Жаралылар жақын маңдағы ауруханаларға жіберілді. Олардың кейбіріне шұғыл операция жасалды.

Серіктес жаңалықтары