$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жанат Жахметова Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

Ол бұл қызметке 2020 жылдың 5 ақпанында тағайындалған болатын

Жанат Жахметова Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды
Фото ашық дереккөзден

ҚР Үкіметі қаулысымен Жанат Зарубекқызы Жақметова берген өтінішіне сәйкес ҚР энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетсек, ол бұл қызметке 2020 жылдың 5 ақпанында тағайындалған болатын.

Жанат Жахметова 1986 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін және Абердин университетін бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ сынақ зертханасының жетекші маманы болып бастады.

Әр жылдары ақпараттандыру саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді.

2014-2016 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы.

2016-2020 жылдары – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары.

2020 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарды.

Серіктес жаңалықтары