01.03.2023, 00:05
Жаңалықтар
Талдықорғанда жол апатынан 4 адам зардап шекті
Жарақат алғандардың біреуі нәресте
фото: Жетісу облыстық ПД
Талдықорғанда жол апатынан 4 адам зардап шекті, оның біреуі нәресте, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін Талдықорған қаласына кіре берісте «Toyota 4Runner» автокөлігінің қатысуымен ЖКО орын алды.
Жол апатынан 4 адам зардап шекті, олардың арасында жас нәресте және қарт әйел бар, зардап шеккен адамдар ауруханаға медициналық тексеруге жеткізілді.
«Алматы облысының 48 жастағы тұрғыны автокөлікті басқара алмай, оның аударылуына жол берген. Оқиға орнында жол көлік оқиғасының мән-жайын анықтау үшін патрульдік полиция қызметкерлері жұмыстарын жалғастыруда», - деп көрсетті Жетісу облыстық ПД.
Көп оқылған
16.11.2026, 15:57
«Тәрбиені күшейту керек»: Астанада аспаннан доллар «жауғаннан» кейін Сәденов Тоқаевтан ескерту алған
16.11.2026, 13:22
Қара маскадағы қарақшы, адам өлімі, айналадағы полиция: Ақтөбе қаласында не болып жатыр
16.11.2026, 10:55
Бауырын баққызып, үй жинату үшін кешкі мектепке жібереді: Қазақстандағы ата-ана баласын оқудан неге шығарып алады
