$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан көпвекторлы сыртқы саясатты ұстануды жалғастырады – министр

Қазақстан әлемнің барлық елімен өзара тиімді ынтымақтастық сақтауға тырысады

Қазақстан көпвекторлы сыртқы саясатты ұстануды жалғастырады – министр
фото: stan.kz

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресейден қауіп төнбегенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгінде біз Ресей Федерациясынан қауіптің төнгенін көрген де, сезгенде жоқпыз. Қазақстан ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД мүшесі болып саналады. Сондықтан біз Ресеймен қарым-қатынасты көпжақты құрылым аясында жұмыс істейтін альянс ретінде қарастырамыз. Екіжақты ынтымақтастыққа немесе екіжақты қарым-қатынасқа тоқталсам, бізде берік құқықтық база бар»,- деді Мұхтар Тілеуберді.

Ол тағы бір маңызды мәселеге тоқталды.

«Ресей мен Қазақстан арасындағы шекараны делимитациялау аяқталған. Бұл – әлемдегі ең құрлық шекара, ол – 7,5 мың шақырым. Сондықтан Қазақстан көпвекторлы сыртқы саясатты ұстануды жалғастырады. Осылайша, біз әлемнің барлық елімен өзара тиімді ынтымақтастық пен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін тепе-теңдік жүйесін сақтауға тырысамыз»,- деді Мұхтар Тілеуберді.

СІМ-де Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеудерді мен  АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен келіссөздерінің қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.

Серіктес жаңалықтары