$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Петропавлда аманаттықтар мектеп ұжымымен кездесіп, қала проблемаларын талқылады

Қатысушылар газдандыру мәселесіне ерекше назар аударды

Петропавлда аманаттықтар мектеп ұжымымен кездесіп, қала проблемаларын талқылады

Партиялық тізім бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Дина Әбілмәжінова мен Галина Семенова №14 орта мектептің ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.   

Әңгіме барысында партия өкілдері «AMANAT» қала мен өңірдің өзекті мәселелерін шешу жолдарын ұсынатыны туралы әңгімеледі. Қатысушылар газдандыру мәселесіне ерекше назар аударды.

«Партия Астана – Көкшетау – Петропавл бағыты бойынша газ құбырын салу жөніндегі жобаны ілгерілетуге ұмтылатын болады. Қазір «АстанаГаз ҚМГ» АҚ жобасы мемлекеттік сараптамада. Жалпы, газдандыру өндірілетін өнімнің өзіндік құнын 15%-ға төмендетуге, ластаушы заттардың шығарындыларын азайтуға, халық үшін тұрмыстық жағдайларды жақсартуға мүмкіндік береді деп санаймыз», - деді Галина Семенова.

Дина Әбілмәжінова өз кезегінде кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, мектеп ұжымын спорт саласының дамуы туралы хабардар етті.

«Партия Петропавлда 13 спорт нысанын салу қажет деп санайды. Олардың ішінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені, жасанды жабыны бар 10 шағын футбол алаңы, 2 спорт алаңы бар. Осы және басқа да шаралар спортпен шұғылданатын солтүстікқазақстандықтардың санын көбейтуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Дина Әбілмәжінова.

Кездесу соңында депутаттыққа кандидаттар мектеп қызметкерлерін 19 наурыздағы сайлауға белсене қатысуға және «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары