Қазақстанда ауа райына байланысты 4 облыста жол жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Республикалық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде уақытша шектеу енгізілді

Коллаж: Azattyq Ruhy

Елімізде ауа райының қолайыздығына орай 4 облыста жолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, 28 ақпанда сағат 10:45-тегі ақпаратқа сәйкес 4 өңірде ауа райының қолайсыздығына орай республикалық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Ақтөбе облысы бойынша:

  • Ақтөбе – РФ шекарасы тасжолының Ш.Қалдаяқова ауылынан РФ шекарасына дейінгі аралығында (автокөліктің барлық түрі үшін);
  • Ақтөбе –Мәртөк – РФ шекарасы тасжолының ЭкоОйл - РФ шекарасы арасы (барлық көлік түрі үшін);
  • Самара-Шымкент тасжолының Батыс Қазақстан облысы шекарасы – Құршасай кенті арасы (барлық көлік түрі үшін);

Қостанай облысы бойынша:

  • Қостанай – Әулиекөл – Сурған тасжолының Әулиекөл ауылы – Октябрьское ауылы арасы (автокөліктің барлық түрі үшін);
  • Қостанай – Әулиекөл – Сурған тасжолы Октябрьское ауылы – Ақмола облысы шекарасы арасы (барлық автокөлік түрі үшін);
  • Екатеринбург – Алматы тасжолы Сарыкөл ауылы – СҚО шекарасы арасы (автокөліктің барлық түрі үшін);

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша (барлық көлік түрі үшін):

  • Екатеринбург – Алматы тасжолы Қостанай облысы шекарасы – Тоқсан Би ауылы арасы;
  • Жезқазған – Петропавл тасжолы Ақмола облысы шекарасы – Новоишимское ауылы арасы;
  • Волошинка – Сергеевка – Тимирязево тасжолы Сергеевка ауылы – Тимирязево ауылы арасы;
  • Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысы шекарасы
  • Тимирязево ауылы – Қостанай облысы шекарасы арасы;

Батыс Қазақстан облысы бойынша (жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін):

  • Самара – Шымкент тасжолының Жымпиты – Ақтөбе облысы шекарасы арасы жабық.