$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ТЖМ басшысы су тасқынына дайындық барысы қалай жүріп жатқанын айтты

Биыл 255 елдімекен су басқан аймақтарда қалуы ықтимал деген болжам бар

ТЖМ басшысы су тасқынына дайындық барысы қалай жүріп жатқанын айтты
Фото: currenttime.tv

Биыл елімізде су тасқыны ауқымды болуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Биыл су тасқыны қардың көп болуына және топырақты қабатының қатты тоңазуына байланысты ауқымды болатын түрі бар. Өңірлерде Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссиялардың 114, оның ішінде 31 жоспардан тыс отырысы өткізілді», - деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, ТЖМ қызметкерлері плиция бөлімшелерімен бірлесіп елдімекендер аумағын абаттандыру қағидасын бұзғанларды анықтауға қатысты рейдтік іс-шаралар бастады. Яғни, дренаждық және арық жүйелерін ұстау, қар шығару, адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту сияқты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуы кезінде су басу аймағында 255 елдімекен болуы мүмкін, оларда 127 мыңнан астам үй және 700 мыңнан астам тұрғын бар. Елдімекендерді су басу қаупінің алдын алуда қардың уақтылы шығарылуы маңызды. Жергілікті бюджеттерден қар шығаруға бөлінген қаражатты талдау олардың негізінен ірі қалалар мен облыс орталықтарынан қар шығаруға бөлінетінін, ал көптеген ауылдық елдімекендер тиісті назардан тыс қалатынын көрсетеді», - деді Ю. Ильин.

Жарылыс жұмыстары арқылы өзендердегі мұздың әлсіреуі де маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда өңірлерде жарылыс жұмыстарын жүргізуге 35 шарт жасалды.

Төтенше жағдайлар министрлігі облыс әкімдіктеріне су тасқынына дайын еместігі туралы 179 ескерту жасаған.

Ильиннің айтуынша, жыл басынан бері Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегішінде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Бүгінгі таңда Шардара су қоймасы 5,1 млрд текше метрге немесе 98%-ға (жоба бойынша көлемі 5 млрд 200 млн текше метр) толған.

Сонымен қатар ол Экология және табиғи ресурстар министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігінің су тасқынының алдын алу жөніндегі ұсыныстарын ескермегенін айтты.

Серіктес жаңалықтары