28.02.2023, 00:07
Жаңалықтар
Бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысқан бір топ адам ұсталды
Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Көлік полицейлері бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысқан бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Көліктегі полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қазақстан Республикасының аумағында ұзақ уақыт бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысқан бір топ адамның әрекетін әшкереледі.
ҚР ҚК 295-1 бабы 3-бөлігімен, яғни «Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды