$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«AMANAT» партиясының сайлауалды штаб мүшелері «ЖайықЖылуҚуат» мекемесінің ұжымымен кездесті

Олар ұжымның ұсыныс-тілектерін тыңдады

«AMANAT» партиясының сайлауалды штаб мүшелері «ЖайықЖылуҚуат» мекемесінің ұжымымен кездесті

«AMANAT» саяси ұйымының сайлауалды партиялық тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Батыс Қазақстан облысынан ұсынылған кандидаттар Ербол Салықов пен Снежанна Имашева және сайлауалды штаб мүшелері «ЖайықЖылуҚуат» мекемесінің ұжымымен кездесіп, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Коммуналдық кәсіпорын облыс орталығындағы тұрғын үйлерді жылумен қамтиды. Мұнда мыңға жуық адам еңбек етіп жүр. Ұжымда тәжірибесі мол егде жастағы жұмысшылар да, жас мамандар да бар. Соңғы 5-6 жыл ішінде жылу желілерінде ірі апат болмаған. Дәл қазір 12 қазандықтың жартысы іске қосылып тұр. Ал қалғаны қосалқы жабдық ретінде қолданылады. Компания жыл сайын желілерді жаңғырту жұмыстарын жүргізіп келеді.

Кандидаттар «AMANAT» партиясының соңғы екі жылда әр салада атқарған жұмыстарына тоқталды. Осы аралықта өңірде 1,2 млн текше метр тұрғын үй салынған екен. Соның ішінде Орал мен Ақсай қалаларында 10 көппәтерлі баспана, ауылдық жерлерде 110 үй және 50 инженерлік-коммуналдық нысан тапсырылған. Облыс халқының көгілдір отынмен қамтылу көрсеткіші 99,8%, ал орталықтандырылған ауызсумен қамтылу көрсеткіші 92%-ға жетті. Ал алдағы бес жыл ішінде партия бұл бағыттағы жұмыстардың қарқынын одан әрі күшейтуді жоспарлап отыр.

Аймақта электр желілерінің 82%-ы, жылу желілерінің 42,7%-ы, су құбырларының 61,7%-ы тоза келген. «AMANAT» партиясы бұл инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстарын жіті бақылауға алады. Алдағы бес жылда Орал мен Ақсай қалаларында 39,1 шақырым жылу желісі мен 7,5 шақырым су құбыры жаңғыртылмақ. Ал тұтас облыс бойынша 2 мың шақырым электр сымы ауыстырылады.

Еңбек ұжымы сайлауалды штаб өкілдерінен партиялық тізім бойынша ұсынылған жергілікті мәслихат кандидаттарына қатысты мәліметтер сұрап білді. Сонымен қатар өз сайлау учаскелері жөнінде кеңес алды. Қызметкерлер үміткерлерге өздерін толғандырған әлеуметтік сауалдарын да қойды. Соның ішінде қаланы абаттандыру жұмыстарының түйткілді тұстарын атап өтті. Кандидаттар тұрғындардың пікірін ескеріп, бұл ұсыныстардың алдағы уақытта партиямен бірге қаралатынын жеткізді. Сондықтан «AMANAT» партиясына сенім артып, сайлауда дауыс беруге шақырды.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары