Ақтөбе облысындағы жолда қалған 93 адам эвакуацияланды

Автор: Azattyq Rýhy

ТЖД азаматтарды алыс жолға шыққан кезде дауылды ескертулермен танысуға және қысқы кезеңдегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді

фото: ҚР ТЖМ

Өткен тәулікте жүк және жолаушылар көлігі үшін жол қозғалысының шектелуіне байланысты Ақтөбе облысы ТЖД құтқарушылары 93 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

24 ақпанда сағат 22.50-де Әйтеке би ауданының «Самара-Шымкент» автожолының 964 км-де ТЖД күштері «Yutong» маркалы жолаушылар автобусына (Бішкек-Мәскеу) жол көрсетіп Қарабұтақ кентіне бірге барды. Жылыту пунктіне (орталық мешіт) Өзбекстан мен Тәжікстан Республикасының 41 азаматы эвакуацияланды.

25 ақпанда сағат 04:05-те Ақтөбе қаласының Едіге батыр даңғылында ТЖД күштері техникалық ақауы бар «Setra» (Шымкент-Мәскеу) маркалы жолаушылар автобусынан Жаңақоныс кентінің жылыту пунктіне (мешіт) 54 адамды эвакуациялады. Оның 52-сі Өзбекстан Республикасының азаматтары.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 52 құтқарушы мен 14 бірлік техника жұмылдырылды.